- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда төтенше жағдай...
Петропавлда төтенше жағдай жариялау туралы жоба пайда болды
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы жоба жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ашық НҚА порталына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, 08 мамырдағы хаттама негізінде Петропавл қаласының әкімі жоба бойынша шешім шығарған. Яғни Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Шешімнің орындалуын Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев бақылауына алған.
Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина