- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда теракт туралы...
Петропавлда теракт туралы жалған ақпарат берген ер адам сотталды
Петропавл тұрғыны жарылғыш зат туралы жалған хабар бергені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
14 ақпан күні "102" арнасына мас ер адам Заводская көшесінің төменгі жағындағы үйдің кіреберісінде жарылғыш зат орнатылғанын хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері, жарылғыш заттар бойынша сарапшылар және басқа да төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері келіп жарылғыш заттар таппаған. Ер адам көрсетілген үйдің маңында ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы "Терроризм актісі туралы жалған хабарлау" бойынша соталды тергеу басталды. 8 маусымда Петропавл қалалық соты ер адамға бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Г. Досымшалова"Ер адамның заңсыз әрекеті қала тұрғындарының тыныштығын бұзды. Мұндай оқиғалар нысандардың жұмысын тоқтатып, иелеріне материалдық шығын келтіреді, ғимараттарды тексеру үшін эвакуацияланатын адамдарды алаңдатады. Еске салайық, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша "телефондық терроризм" 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде ірі көлемде айыппұл салумен жазаланады", - деді СҚО экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.