- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда су басқан...
Петропавлда су басқан үйден ер адамның денесі табылды
Петропавлда тасқын су басқан үйден ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
12 мамырда әлеуметтік желіде тасқын су басқан Подгора шағын ауданынан кеткеннен кейін Демиденко көшесіндегі үйден жас жігіттің денесі табылғаны туралы ақпарат пайда болды. Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
"12 мамырда сүңгуірлер ер адамның мәйітін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, полицияға қаланың 34 жастағы тұрғыны хабар-ошарсыз кетті деген хабар 13 сәуірде келіп түскен. Дәл осы күні бөгет жарылғаннан кейін Подгора шағын ауданын су басып, ауданда мыңнан астам үй су астында қалды.
Айта кетейік, 13 сәуірде өткен брифингте облыстық ТЖ департаментінің өкілі журналистердің сұрағына жауап беріп, Подгора шағын ауданының төбесінен эвакуацияланған тұрғындардың бірінің ағасы жоғалып кеткенін мәлімдеді. Олар су толқыны келгенде ұйықтап жатқан. Оның өзі шатырға шығып үлгерген, ал ағасының қайда екенін білмейді. Кейінірек ТЖД бұл ақпарат расталмағанын хабарлады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Түсіңде адасып кетсең, не болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә