Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Петропавлда Ресей Федерациясынан келген адамдарды COVID-19 жұқтырғандарға арналған госпитальге орналастырып жатқандығы туралы ақпарат тарады. Бұл шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды stopfake.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл - фейк", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де бұл хабарлама жалған деп мәлімдеді.
"Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл мәселе СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бақылауында", - делінген министрліктің хабарламасында.
Сондай-ақ, басылым Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі арандатушылық хабарламаларға сенбеуге шақыратынын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!