Петропавлда өрт шығып, 40 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері Бензострой ауданында болған ірі өртке қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, 40 адам эвакуацияланған, оның ішінде 9 бала бар.
Өрт туралы ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00 шамасында түскен. 5-Сенная көшесінде ашық жерде қамыс өртенді.
"Қатты желдің салдарынан өрт жақын маңдағы жеке тұрғын үйлерге тарады. Өрт салдарынан 4 үй өртеніп кетті. 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде 9 бала бар. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді ТЖД өкілдері.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 2 маманы тұрғындарға психологиялық көмек көрсетіп жатыр. ТЖД базасында жедел штаб ұйымдастырылып, сенім телефоны ашылды. Петропавлдағы №25 орта мектеп базасында эвакуациялық орталық ұйымдастырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!