Петропавлда өрт кезінде әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Жұмысшы ауылындағы жеке секторда таңғы сағат 10 шамасында болған. Өртті сөндіру кезінде өртсөндірушілер әйелдің денесін тапты. Кейінірек 66 жастағы қала тұрғыны жалғыз тұрғаны, бірақ өрт шыққан үй иесі болмағаны анықталған.
"Өрт шыққаны анықталды. Ауданы - шамамен 50 шаршы. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 12 адамы жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр. Сондай-ақ, өрт болған жерден 50 литрлік газ баллоны алынды", - деді ӨСБ бастығының орынбасары Асылан Оразалинов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!