- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда оқушыларға шабуыл...
Петропавлда оқушыларға шабуыл жасаған жасөспірім туралы тың дерек шықты
Фото:
ptzgovorit.ru
Петропавлда үш оқушыға шабуыл жасаған 9-сынып оқушысы туралы тың дерек шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
СҚО прокуратурасы мен Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, кәмелетке толмаған Д. психиатриялық есепте тұр.
"Кәмелетке толмаған баланың және мектеп әкімшілігінің әрекеттеріне соталды тергеу шеңберінде құқықтық баға беріледі. Қалған жайттар анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова