- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда оқушыларға шабуыл...
Петропавлда оқушыларға шабуыл жасаған жасөспірім қамауға алынды
Петропавлда оқушыларға шабуыл жасаған жасөспірім екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"15 ақпанда Петропавлдың мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған адамға қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", - деді Петропавлдың мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған болатын.
СҚО прокуратурасы мен Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірім психиатриялық есепте тұр. Сондай-ақ, Петропавлдағы мектепте шабуыл жасаған оқушының маскасы мен балтаның суреті тарады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова