- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда оқушыларға балтамен...
Петропавлда оқушыларға балтамен жасалған шабуыл: алғашқы көмек көрсеткен фельдшер сынға ұшырады
Қызылжарда мектепке балта мен пышақ әкеліп, балаларды жарақаттаған оқушы қамауға алынды. Ал зардап шеккен балаларға алғашқы көмек көрсеткен фельдшер сынға ұшырады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
"15 ақпанда Петропавл қалалық мамандандырылған тергеу соты Д. есімді кәмелет жасына толмаған жасөспірімді 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеу жұмыстарының басқа тұстары жария етілмейді", - делінген Петропавл мамандандырылған соты хабарламасында.
Ал балаларға бірінші көмек көрсеткен фельдшер сынға ұшырады. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері оның ережеге сәйкес әрекет етпегенін айтты. Өйткені бір емес үш жәбірленуші болғандықтан, медициналық қызметкер оларды өзі жалғыз емдемей, қосымша күш шақыртуы керек болған.
"Аға дәрігер немесе фельдшер жәбірленушілердің жағдайын 3G стандарты бойынша бағалап, сол ауысымның аға дәрігерімен қосымша күш жайында ақылдасуы тиіс. Бірақ біздің фельдшер олай істеуді жөн көрмеді. Аға дәрігер қосымша күш қажет екенін мектеп қызметкерлерінен білген. Бұл жағдай енді емдеу комиссиясының отырысында қаралады", - деді СҚО Жедел жәрдем қызметі орталығының директоры Юрий Белонг.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова