Петропавлда нөсерден кейін көшелер мен жертөлелерді су басты

Петропавлда нөсерден кейін көшелер мен жертөлелерді су басты. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД мәліметінше, жаңбыр салдарынан 100-ден аса өтініш түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңбыр таңертең және күндіз жауды. Әлеуметтік желі қолданушылары су басқан көшелердің видеоларын жариялап жатыр, соның ішінде қалалық вокзал маңы да көрсетілген.

Су тұрғын үйлердің жертөлелеріне кіріп, тіпті бір ауруханаға да жеткен.

Басқа видеолардың сипаттамасында дренаж жүйесі су ағынын көтере алмай тұрғаны айтылған. Кейбір жарияланымдарда жеке үйлер мен аквапарк нысандарының су астында қалғаны көрсетілген.

СҚО ТЖД баспасөз қызметі жаңбыр салдарынан 100-ден аса қоңырау түскенін растады.

Ведомствоның мәліметінше, қала өміріне қауіп жоқ, су соруға және дренаж жүйесін тазалауға қалалық коммунал қызметтері мен құтқарушылар бірлесіп жұмыс жасап жатыр.

Петропавлда жаңбыр бірнеше күн бойы жауып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!