- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда мектептерде бомба...
Петропавлда мектептерде бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен
Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары мен полиция қызметкерлеріне Петропавл мектептерінде бомба болғаны туралы хабарлама түскен, - деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қарашада сағат 09:30-да СҚО Полиция департаментінің кезекші бөліміне ТЖ департаментінің кезекшісінен Петропавл мектептерінде жасырылған құрылғы туралы хабарлама келіп түскен.
Арнайы қызметтер қаланың мектептерін тексерді. Оқушылар мен ұстаздар уақытша эвакуацияланды, сабақтар тоқтатылды.
Жарылғыш құрылғылар мен күдікті заттар табылған жоқ. Бұл дерек ақпаратты есепке алынды. Қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілген жоқ.
Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес терроризм дерегі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделгенін еске салады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек