Петропавлда мас ер адам автобуста 12 жастағы оқушы қызды ұрды. Оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға №2 бағыттағы автобуста болған. Екі ер адам өздерін дөрекі ұстап, шамамен 12 жастағы қыздарға балағат сөздер айтқан.
"Олардың сырт келбетіне байланысты ер адамдар орынсыз ескерту жасап, тиісіп бастаған. Балаларды қорғап сөйлемек болған бір жолаушы қызға да тиісіп, жанжал күшейе түскен. Автобустан түсер кезде ер адамның бірі қыздың бетінен ұрып жіберген. Қыз қорқып, жылап жіберген. Ал кондуктор ешқандай шара қолданбаған", – делінген видео сипаттамасында.
Басқа нұсқа бойынша, ер адамдар балағат сөз айтып отырған кезде, қыз ескерту жасаған. Осыдан кейін жанжал басталған.
Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты дереу шара қабылдағанын мәлімдеді.
"Күдікті тез арада анықталып, ұсталды және полицияға жеткізілді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір соталды тергеу жүріп жатыр. Балаларға қарсы мұндай әрекеттер - заңды өрескел бұзу және ең қатаң жауапкершілікке тартылады. Жағдай полицияның бақылауында", – делінген ресми хабарламада.
Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әдемау Меңдібаева оқиғаның 3 қазанда кешке Береке шағынауданында жүрген №2 автобуста болғанын айтты.
"Жанжалдан кейін екі ер адам автобустың соңғы аялдамасына дейін барып түскен. 102 нөміріне қоңырау сағат 19:08-де түсті. Полицейлер қыздан жауап алды. Қала полициясының жеке құрамы күдіктіні ұстауға жұмылдырылды. Топтарға бөлінген полицейлер Береке шағынауданына аттанды", – деді Мендыбаева.
Оның айтуынша, сағат 20:05-те күдікті дүкен маңында ұсталған. Оны учаскелік инспектор Жасур Ильхомов сырт келбеті бойынша танып, қолға түсірген. 50 жастағы ер адам мас болған және кінәсін мойындады.
Күдіктімен бірге автобуста болған екінші ер адамның да жеке басы анықталды. Олмас болмаған және куәгерлердің айтуынша, агрессия көрсетпеген. Сондықтан оған қатысты шара қолданылған жоқ.
Оқушыны ұрған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған 1 000 АЕК-ке дейін (2025 жылы – 3 932 000 теңге) айыппұл немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек