Петропавлда макарон фабрикасында жұмысшы қаза тапты: оны қамыр илейтін құрылғы тартып кеткен

Петропавлда макарон фабрикасында жұмысшы қаза тапты. Ер адамды қамыр илейтін құрылғы тартып кеткен. Жазатайым оқиға түнгі ауысым кезінде сағат үш шамасында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

200 қызметкері бар кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істейді. Қайғылы оқиға болған түні 35 жастағы жұмысшы қамыр илейтін құрылғыны тазалап жатқан. Кенет агрегат іске қосылып, оның қалақтары айнала бастаған.

Марқұмның таныстарының айтуынша, қайғылы оқиға оның әріптесінің көз алдында болған. Қазір еңбек инспекторлары арнайы комиссия құрған. Олар қайғылы жағдайға нақты не себеп болғанын, қауіпсіздік талаптары сақталған-сақталмағанын анықтайды.

Ал полиция соталды тергеуді бастаған.

"Полиция адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады (соталды тергеуді бастады - еск.)", - деді СҚО Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әдемі-ау Меңдібаева.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!