Құрылыс нысаны жанындағы су құбыры құдықтарын тазарту кезінде 28, 20 және 18 жастағы үш жұмысшы буланудан зардап шекті. Олардың бірі, 20 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ал қалған екеуі шұғыл түрде қаладағы медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі, яғни "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Сараптама тағайындалды.
"Істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері қолға алынды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Сондай-ақ жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша мердігерлік ұйымдардың кінәсі анықталатын болады", - делінген Петропавл қаласының полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!