- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда қос азаматтығы...
Петропавлда қос азаматтығы бар ресейлік 72 жастағы ер адам 700 мың теңге айыппұл арқалады
Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп Кисловодск – Тында бағытындағы жолаушылар пойызын тексеру барысында құқық бұзушыны анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ресей Федерациясының 72 жастағы азаматы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзды.
Көлік полицейлері оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабының 2-бөлігі ("Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу"), яғни ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал Петропавл әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.
Сот шешімімен ер адам 200 АЕК (690 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан