Петропавлда көпқабатты үйден өрт шықты: 90-нан астам адам құтқарылды

Петропавлда көпқабатты үйден өрт шықты: 90-нан астам адам құтқарылды
Фото: Скрин ТЖҚ видеосынан

Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шығып, тоқсаннан астам адам эвакуацияланды- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.

«Құтқарушылар баспалдақ маршымен 70 адамды эвакуациялаған, оның ішінде 10 бала бар. 24 адам құтқарылды, олардың 6-ауы балалар», - делінген мәліметте.

Өрт 9 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет