Петропавл қаласындағы Панфилов көшесі бойында ВАЗ-2108 автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аялдама павильонына соғылды. Бір ересек адам мен 3 оқушы зардап шекті, - деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасы.
"Жол апаты салдарынан 43 жастағы қала тұрғыны мен 2010 және 2015 жылдары туған үш кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Төртеуі де түрлі жарақаттармен жедел жәрдем бригадаларымен қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды", - делінген хабарламада.
Медициналық куәландыру ВАЗ-2108 автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі мас болмағанын анықтады.
Жол апаты дерегі бойынша жиналған материалдар істің мән-жайын анықтау және процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне берілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!