- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда көлік аялдама...
Петропавлда көлік аялдама павильонын соғып, үш адам зардап шекті
26 мамыр күні Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны Honda Fit маркалы көлік құралын басқарып келе жатып Lifan маршруттық автобусымен соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Соқтығыстан кейін Honda Fit автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, ішінде автобусты күткен азаматтар тұрған Жамбыл көшесіндегі аялдама павильонына барып соғылған.
Жедел жәрдем қызметкерлері түрлі медициналық мекемелерге үш адамды жеткізді. Тексеру нәтижелері бойынша зардап шеккен әйелдердің бірі облыстық ауруханаға жатқызылды.
Жүргізушілерге медициналық тексеру жүргізілді, алдын-ала мәліметтер бойынша, екі жүргізуші де мас емес.
Көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды.
Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды, анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан