Петропавл қаласының мәслихат депутаты, Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің мұғалімі Павел Афанасьев Украинаның президенті Владимир Зеленскийді Тelegram-арнасында мазақ етіп жазба жариялаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бул туралы журналист Эльмира Каленова Faceebok-парақшасында жариялады.
"Башинскаяның соңынан кететін тағы бір кандидат. Петропавл қалалық мәслихатының депутаты, СҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының журналист емес мүшесі, Қозыбаев университетінің оқытушысы, "белгілі" заңгер Павел Афанасьев білдей бір мемлекеттің басшысын мазақ қылып, әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл тек қана Зеленскийді емес, тұтас Украина халқын мазақ ету емес пе?" - дейді Эльмира Каленова.
Павел Афанасьевтің салған суреттерінде Украина президенті Владимир Зеленскийдің "жоғалып" кеткені туралы хабарландыру, АҚШ президенті Джо Байденмен "әңгімесі" басқа да мазақ етілген суреттер бар.
Арада көп уақыт өтпестен мәслихат депутаты әлеуметтік желідегі жазбасын алып тастаған.
Абзал Алпысбайұлы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!