Петропавлда жоғалып кеткен 19 жастағы жігіт өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 9 қазанда сағат 17:08-де Петропавл қаласы Полиция басқармасының "102" пультіне Қазақстан Конституциясы көшесі мекен жайындағы ғимараттардың бірінің аумағынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
Ол туыстары хабар-ошарсыз кетті деп жариялаған облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны екені анықталды.
Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп, полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!