Петропавлда жаттығу кезінде жазатайым оқиға болып, 18 жастағы жігіт қайтыс болған еді. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция бұл дерекке қатысты сот-медициналық сараптама тағайындаған еді. Сонымен қатар, істің мән-жайын анықтауға бағытталған соталды тергеу жүріп жатқаны, нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданатыны айтылды.
Желіде тараған кадрларда 18 жастағы жігіт доп теуіп жүріп кенет көгалға құлағаны көрінеді.
Еске салайық, бұған дейін Петропавлда жаттығу кезінде жасөспірім қайтыс болғаны хабарланған еді.
Кейінірек полиция осы оқиғаға байланысты пікір білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!