- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда ер адамды...
Петропавлда ер адамды үйдің қабырғасы басып қалып, мерт болды
Петропавлда жеке үйді бөлшектеп жатқан ер адамды қабырға басып қалып, қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 23 сәуір күні түс ауа болған. Ер адам бұзылып жатқан үйдің жанында тұрғанда оның үстіне қабырға құлаған.
"23 сәуір күні сағат 15:00-де Петропавлдағы Партизанская көшесінде 49 жастағы ер адамды қабырға басып қалғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті, ол оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның баспасөз хатшысы Мәдина Ерғалиеваның айтуынша, бұл дерек "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан