14 қыркүйекте Орыс драма театрының аумағында ер адамдар қошқарды сойып, cол жерде етін бөлшектеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ер адамдар театр реквизиттерін әкелу және әкету үшін пайдаланылатын орынды қасапханаға айналдырып, қошқарды іліп, оның етін бөлшектеген.
Бейне авторының айтуынша, қошқарды сойған ер адамдар өздерін театр қызметкерлері ретінде таныстырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз