Петропавлда ер адам өз саяжайында өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай Петропавл іргесіндегі Новопавловка ауылында болған. Құтқарушылар саяжайдағы өртті сөндіруге шықты. Өртенген ғимараттың шатыры опырылып түсті.
Оқиға орнында 7 өртсөндіруші мен төтенше жағдайлар қызметінің екі өрт сөндіру көлігі жұмыс істеді. Мамандар ер адамның мәйітін үйінді астынан тапты.
"1968 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды. Өрт 12:17-де оқшауланып, 12:32-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз