Петропавлда екі аялдаманы қиратқан тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
31 наурызда таңертең Петропавл қаласының полиция басқармасына Н.Назарбаев көшесінде қызыл түсті сырт киімдегі ер адам аялдама павильонының әйнектерін сындырғаны хабарланған. Бұл ақпарат кезекші жасақтар мен автопатрульдерге жіберілген.
Бейнебақылау инспекторлары осы ауданда жаяу жүргіншінің белгілеріне ұқсас адамды тез арада анықтап, жазып алған. Нәтижесінде ер адамды патрульдік полиция батальонының экипажы Н.Назарбаев пен К.Сүтішев көшелерінің қиылысында ұстады. Алайда полицейлер келгенге дейін бұзақы бірнеше секунд бұрын басқа аялдаманың әйнегін зақымдап үлгерген.
Ұсталған ер адам облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол мас күйде жүрген.
"Мұндай әрекетті көңіл-күйі болмағандықтан жасаған. Бұл деректер бойынша полицейлер әкімшілік материал жинап, шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберді. Құқықбұзушы айыппұл төлеуі немесе бестен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін", - деп жазылған ІІМ хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!