- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- зорлық-зомбылық туралы
Петропавлда ер адам әйелін ұрып тастаған: полиция пікір білдірді
Петропавлда әйелін ұрған тұрғын 25 тәулік әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, мас күйде жүрген ер адам арада туындаған келіспеушіліктерден әйелінің басынан, қолынан және аяғынан ұра бастаған. Айғай-шуды естіген көрші әйел шығып, оны тоқтатқан.
Жәбірленуш бірден полицияға жүгінді. Сараптама оның денсаулығына зиян келтірілмегенін көрсеткенімен, ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
"Маусымнан бастап ұрып-соғу әкімшілік заңнамадан қылмыстық заңнамаға ауыстырылды. Бұл құқықбұзушылық үшін 80 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салудан бастап 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы көзделген. Ер адамның маскүнемдікке бейім екені анықталды, соның салдарынан отбасында жанжалдар мен кикілжіңдер жиі болып отырған, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - деп жазылған хабарламада.
Сот шешімімен оған 25 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды. Одан бөлек алкогольдік ішімдіктер ішуіне тыйым салынды.
Айта кетейік, ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру сияқты құқықбұзушылықтар құрамын қылмыстық заңнамаға ауыстырған сәттен бастап СҚО-да осы тармақтар бойынша 395 қылмыстық іс қозғалды, оның 49-ы сотқа жіберілген.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда қызды аяусыз ұрып тастаған күдікті қамауға алынғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова