- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда бір отбасының...
Петропавлда бір отбасының үш мүшесі өлі табылды
Петропавлдағы Рабочий кенттік шағынауданындағы үйлердің бірінде үш адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап.
Бейресми мәлімет бойынша, 28 желтоқсанда үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды: ер адам, әйел және олардың кәмелетке толмаған ұлы.
Отбасының жерлеу қызметіне байланысты кәсіптері болған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері жантүршігерлік қылмыс күдіктілерінің ұсталғанын хабарлады.
"Полицейлер жедел түрде Петропавлдың екі тұрғынын анықтап ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объектив зерттеуге бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру"бойынша тіркелді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек