Петропавлда әйел 12-қабаттан құлап, көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 7152.kz-ке сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Горький көшесіндегі 12-үйде болған. 28 қарашада кешкі сағат 20:00 шамасында көпқабатты тұрғын үйдің 12-қабатынан жасы шамамен 35–40-тағы белгісіз әйел құлап кеткен.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы оның жарақат салдарынан қайтыс болғанын анықтады.
Қайғылы жағдайдың мән-жайы әзірге белгісіз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz