Петропавлда арнайы операция жүргізілді: героин сатты деген күдікпен ер адам ұсталды

Петропавлда арнайы операция жүргізілді: героин сатты деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: ІІМ

Петропавл қаласында героин сатуға қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арнайы операция Астана көшесі маңында жүргізілген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары Chery Tiggo 2 көлігін тоқтатқан.

Ведомство мәліметінше, көлікте жолаушы ретінде отырған 45 жастағы қала тұрғыны есірткіні "қолдан қолға" өткізу тәсілімен таратқан.

"Көлікті тексеру кезінде шынтақ тіреуішінен героин салынған екі түйіншек тәркіленді. Сондай-ақ, күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту барысында есірткі салынған пакет пен төрт дана трамадол ампуласы табылды. Тәркіленген героиннің жалпы салмағы 59 грамнан асқан. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget