- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавлда әкімдікке қарасты...
Петропавлда әкімдікке қарасты ұйым басшысы 7,5 млн теңге бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді
Петропавлда әкімдікке ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі" ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.
Лауазымды тұлға кәсіпкерлік субъектісімен алдын ала сөз байласу бойынша тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 7,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Тергеу әлі де жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина