Петропавлда 8 жастағы қыздың аяғы радиаторға қыстырылып қалған

Петропавлда 8 жастағы қыз ойын кезінде аяғының саусағын жылыту радиаторының секцияларының арасына қысып алып, өздігінен шығара алмаған. Ата-анасы құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болд, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қыз баланы босату үшін ТЖМ қызметкерлері гидравликалық авариялық-құтқару құралын қолданды. Әдетте мұндай жабдық жол-көлік оқиғаларында, ғимараттар опырылғанда және басқа да төтенше жағдайларда зардап шеккендерді құтқару үшін пайдаланылады.

Құтқарушылар арнайы құрылғының көмегімен радиатор секцияларын абайлап ажыратып, баланы босатты. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін қыз бала дәрігерлерге тапсырылды.

Құтқару сәті видеоға түсірілген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз