Петропавлда қонақүйдің терезесінен құлаған 5 жасар баланың жағдайы өте ауыр. Басқа қаладан келген отбасы уақытша тоқтаған қонақүйде қайғылы оқиға болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Бүлдіршін екінші қабаттан құлап, ауыр жарақатпен жансақтау бөліміне түскен. Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, баланың миы шайқалып, денесіне қатты зақым келген.
Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Полиция бұл дерек бойынша тексеріс бастады.
"Жағдайы өте ауыр. Қажеттілік туындап жатса, толықтай хирургиялық көмек көрсетіледі. Әзірге ешқандай ота жасалған жоқ", - деді ДСБ баспасөз хатшысы Гүлнәр Қалиева.
Айта кетейік, бұл - жыл басынан бері өңірде тіркелген осындай оныншы дерек.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!