Петропавлда 20 жастағы қыз жоғары қабаттан секірмек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өңірдің полиция басқармасының деректеріне сүйенсек, қаланың орталығындағы үйдің бесінші қабатынан қыз секіргелі тұрғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бақтияр Дощанов пен ПБ ППБ инспекторы, полиция аға лейтенанты Азамат Темірхановтан құралған автопатруль келген.
"Қыз пәтерден далаға шығып тұрған кезде полицейлер пәтерге жүгіріп кірген. Жағдайды бағалаған Бақтияр Дощанов балконның екінші терезесінен түсіп, әріптесі Азамат Темірхановтың көмегімен қызға пәтерге аман-есен кіруге көмектесті", - деп жазылған полиция хабарламасында
20 жастағы қыз жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне тапсырылып, полиция басқармасына жеткізілді.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда сәби жоғары қабаттан құлап кеткені хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!