Петропавлда әлеуметтік желіде ұсақ бұзақылық жасаған блогер 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жалпыұлттық аза тұту күні әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде теріс қылық жасаған Петропавл қаласының 42 жастағы тұрғыны анықталған.
"Бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп, тиісті материалдар жинақталып, сотқа жолданды. 29 қыркүйекте сот әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Оқиғаға заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға берілді", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова