- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавл тұрғыны фейк...
Петропавл тұрғыны фейк таратқаны үшін жазаланды
Фото:
elements.envato.com
Петропавл тұрғыны жалған хабар таратқаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisіa.kz сайтына сілтеме жасап.
WhatsApр-чаттарда 27 жастағы азаматтың мектеп мұғалімдері гуманитарлық көмекті ұрлауда деген дауыстық хабарламасы тараған.
"Мектеп директорының полицияға шағымынан соң тексеру жүргізіліп, ақпараттың жалған екендігі анықталды. Кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі бойынша 10 АЕК - 36 920 теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан