Петропавл тұрғыны өздерін банк қызметкерімін деп таныстырған телефон алаяқтарының арбауымен 6 банктен 8,5 миллион теңге несие алған, - деп хабарлайды Петропавловск.news.
Басылым мәліметінше, алаяқтар әйелге оның атына несие рәсімделгелі жатқанын айтқан. Әйел алаяқтардың айтқанын мүлтіксіз орындап, алты банктен несие рәсімдеген.
Алматыда жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл қылмысқа қатысы бар екі ер адам анықталды. Олар төрт және 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!