Петропавл тұрғыны 20 жыл бойы пәтерінде қайық жасаған

Петропавл тұрғыны 20 жыл бойы пәтерінде қайық жасаған
Фото: видеодан алынған кадр

Петропавл тұрғыны Есіл өзеніне саяхат жасау үшін қайық жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Ұзақ жыл бойы ол 5-қабаттағы пәтерінде қайық құрастырған. Корпустың үлкен болғаны соншалық - оны балкон арқылы автокранмен түсіруге тура келген. Кадрлар көпшілікті таңғалдырған.

Евгений Осташко - мамандығы бойынша инженер, су-мотор туризмімен айналысады. Бұл оның өзі жасаған бесінші қайығы болып отыр. Ол бұл қайықты 2000 жылы гаражында жинап бастаған, содан кейін екі бөлмелі пәтерін шеберханаға айналдыруға шешім қабылдаған.

Оның туындысының салмағы 180 келі болады. Сондықтан ол үйдегі жиһаздарды жертөлеге шығаруға тура келген. Өз ісінің шебері бүгінде осылайша арманын орындаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова