Петропавл тұрғындары Назарбаев көшесіне бұрынғы атауын қайтаруды сұрады

Әлеуметтік желіде Петропавл тұрғындары Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшеге бұрынғы атауын қайтаруды сұрап отыр. Көшенің бұрынғы атауы Мира болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі Петропавлдағы басты көшелердің бірі. Көше басталатын жерде қоқыс жатыр. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ол жерге құрылыс заттарының қалдықтары және басқа да қоқыстар тасталады. 


Фото: Петропавловск.news

Назарбаев көшесінің атауы бұған дейін 6 рет ауысқан. Алғашқы атауы - Новомечетная. Революциядан кейін Крестьянская деп ауыстырылған. Артынша партия көшбасшысы Мирзоянның құрметіне аталған. 1937 жылдан кейін Панин атындағы көше болса, кейін Мира деп ауыстырылған. 2019 жылы бірнеше қалада Назарбаев атындағы көше пайда болып, Петропавлда да экс-президенттің құрметіне көше пайда болған еді. 

Алайда тұрғындардың көбі 4 жыл өтсе де Назарбаев атындағы көшеге үйренісе алмай, бұрынғы атауын қайтаруды сұраған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз