- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавл мектебінде балтамен...
Петропавл мектебінде балтамен шабуыл жасаған бала қатарластарынан қысым көрген
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы сыныптастарына балтамен шабуылдаған мектеп оқушысы туралы жантүршігерлік жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Ақпанда қадағалау органы жасөспірімнің психиатриялық бақылауда екенін растады. Бірақ енді бала бұған дейін де өзін-өзі өлтірмек болғаны белгілі болды. "Сол себепті ол үш ай сабақтан қалып қойған, бірақ мұғалімдер бұған мән бермеген" дейді прокурорлар.
"Бұл бала 2021 жылы оғаш мінез-құлық көрсетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда мектеп бұл туралы денсаулық сақтау органдарына хабарламаған. Мектеп әкімшілігі суицид әрекетінің мән-жайын түсіндірмеді, - деді Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбу Әли Саттар.
Облыстық прокуратурада өткен жиында ұстаздар бала шабуыл жасамас бұрын қатарластарынан қысым көргенін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттаған еді. Оқиға №4 мектепте болған. Оқу-ағарту министрлігі еліміздің барлық мектебінде қауіпсіздікті тексеру жұмысы жүргізілетінін мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан