Петропавлда жергілікті әуежайды сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша аукцион өтіп, төртінші әрекетте меншік иесі белгілі болды, - деп хабарлайды Петропавловск.news сайты.
Петропавл әуежайын сенімді басқаруға беру туралы шешім 2019 жылы қабылданған болатын. Қызмет көрсетілетін рейстер санының аздығына байланысты кәсіпорында көпжылдық қаржылық қиындықтар туындаған. Сондықтан облыс әкімдігі бюджет есебінен әуежайды дамытуға ниетті емес екенін айтып, капиталдың иелігіне бергенді құп көреді.
Аукцион жеңімпазы бюджетке 2,8 миллиард теңге төлеуі тиіс. Сонымен қатар, ол әуежай қызметін 10 жыл бойы сақтауы, 10 жыл ішінде 1,2 миллиард теңге инвестиция салуы қажет.
Шарт бойынша, сенімгерлік басқару мерзімі бес жыл, одан кейін әуежайды қосымша салымдарсыз жеке қолға беруге болады. Бұл ретте кәсіпорынның бағалау құны 5,6 миллиард теңгеге тең.
"Тек екі рейс (Нұр-Сұлтан, Алматы) болған кезде әуе айлағында бір нәрсе өзгере ме, жоқ па, бұл риторикалық мәселе. Ал оларды ұлғайту үшін мемлекеттік органдардың араласуы қажет. Сатып алушының нақты кім екені әлі белгісіз", - деп жазады басылым.