Петропавл әкімі Руслан Аңбаев су мәселесіне байланысты қала тұрғындарынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жазбасын ол Instagram-парақшасында жариялады.
"Жөндеу жұмыстары аяқталды. Мамандар трассаны толтыра бастады. Кейін үйлерге су беріледі. Осы ретте "Қызылжар су" ЖШС мен жұмысқа жұмылдырылған барлық коммуналдық қызметіне алғысымды білдіргім келеді.
Құрметті қала тұрғындары! Уақытша туындаған ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймын", - деп жазған ол парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін Петропавл су құбырындағы ірі апатқа байланысты тұрғындар бір жарым айда үшінші рет сусыз қалғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!