"Пешіме дейін кірді". Қарағандыда құбыр жарылып, үйлер су астында қалды

"Пешіме дейін кірді". Қарағандыда құбыр жарылып, үйлер су астында қалды

Қарағандыда су құбыры жарылып, 5 үй су астында қалды. Кейбір техникалар іске жарамай, үй іргесі бүлінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кеше таңертеңнен бастап су құбыры желілеріндегі ақау салдарынан Жағалау көшесіндегі бес үй су астында қалды. Тек кешкі сағат 18.00 шамасында диаметрі 500 миллиметр су құбырындағы апатты жою бойынша жұмыстар аяқталған. Оқиға салдарынан көмірлерге су кетіп, жарамсыз болып қалған.

"Су көп мөлшерде үйге кетті. Шошып кеттім. Техникаларыма обал. Оны қойшы, көмірім дымқылданып, пешіме су кірді", - дейді үйін су басқан Лидия Киселева.

Қазыбек би атындағы ауданы әкімдігі "Қарағанды Су" ЖШС-мен бірлесіп, гуманитарлық көмек аясында көше тұрғындарына көмір тарату туралы шешім қабылдаған. Қазір қауіптің беті сейілген.

"Адамдарды басқа жаққа қоныстандырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, оларға әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі", - дейді Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Жағалбайлы.

Жандос Бақытұлы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz