Перзентханада мылтық ұстаған әйел адамдарды кепілге алды

Түркияның Кахраманмараш қаласындағы перзентханада мылтық ұстаған бар әйел бірнеше адамды кепілге алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Bursada Bugün порталының мәліметінше, 45 жастағы әйел алдымен айқайлап, кейін қорқытып, емдеу мекемесінің қызметкерлерін кепілге алған.

Оқиға орнына жеткен полицейлер әйелдің қамауға алғанын хабарлады.

"Оқиғадан кейін әйел қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Әйел ұзақ жылдар бойы нашақор ұлынан зорлық көргенін, сондықтан депрессияға түскенін айтты.

"Баламның қорлығына енді шыдай алмай, өз-өзіме қол жұмсағым келді, бірақ қолымнан келмеді, ешкімді ренжітемін деген ойым болған жоқ. Мен ол жерге біреуді өлтіру үшін бармадым. Ауруханада мылтықты біреу көріп, мені өлтіреді деген үміт болды", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!