Астанада ер адам жолға жүгіріп шыққан баланы құтқарып қалды. Тұрғынның әрекеті желі қолданушыларын сүйсінтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны танымал пабликтердің бірі жариялады. Кадрлар жолда келе жатқан көліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Онда жігіт жолға жүгіріп шығып, көліктерді тоқтатқаны байқалады. Алғашында оның бұл әрекеті түсініксіз көрінеді. Кейін ол көліктер арасынан өтіп, қарсы жолақта жүрген баланы көтеріп алып кетеді.
Желі қолданушылары бұл жағдайға алаңдап, ата-аналардан баланы жалғыз қалдырмауды сұрап жатыр. Олар жігіттің әрекетін қолдап, кез келген адам осылай істеуі керек деп пікір қалдырған.
"Қандай жақсы жігіт. Қамқор адамдар болғаны қандай жақсы", "Жарайсың! Алла денсаулық және бар жақсыны берсін. Ата-аналар балаларды жалғыз тастамайық, олар кішкентай, ештеңе түсінбейді", "Баланың періштесі! Жарайсың!" "Ата-анасы жауапқа тартылуы керек! Жарайсың жігіт", "Балаларыңызды қараңыздар", "Жалпы алғанда, бұл кез келген адамның қалыпты реакциясы болуы керек. Бірақ біздің уақытымызда адамгершілік сирек кездеседі", - дейді желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!