Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚМА төрағасы Жанат Элиманов сот үкімі бойынша тыйым салынған мүлік аукцион арқылы сатылатынын, ал түскен қаражат залалды өтеуге жұмсалатынын айтты.
"Мүлік сот үкіміне сәйкес аукционда сатылады. Сол ақшадан жәбірленуші тарапқа келтірілген залал өтеледі", - деді ол.
Бұған дейін сотта судья Сабыржан Кәрімов тәркіленетін мүліктің тізімін жариялады.
Ұрланған ақшаға сатып алынған мүлік тәркіленді:
Перизат Қайрат - Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал.
2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
Еске салайық, биыл 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!