Перизат Қайраттың қымбат көлігі сатылмақ

Перизат Қайраттың қымбат көлігі сатылмақ
Фото: Tengrinews.kz/ Санжар Мұстафин

Перизат Қайраттан тәркіленген Mercedes-Benz S-450 көлігі сатылымға шығарылды. Көлік 79,4 миллион теңгеге бағаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астананың Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қара түсті, 2024 жылғы Mercedes-Benz S450 көлігін сату туралы хабарландыру жариялады.

sauda.e-qazyna.kz

Хабарланыдыруда көлікпен бірге Pandora дабылы бар кілт берілетіні айтылған. Алайда көліктің аккумуляторы отырып қалғандықтан, оның техникалық жай-күйін тексеру мүмкін емес екені нақтыланған.

Көліктің құны - 79 415 000 теңге.

sauda.e-qazyna.kz

Сауда-саттық 2026 жылғы 7 сәуірге белгіленген.

Перизат Қайрат туралы не белгілі?

Перизат Қайрат Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал болды. 

2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. 

2025 жылы 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget