Перизат Қайраттың қымбат көлігі полицияға берілді

Бұған дейін Перизат Қайратқа тиесілі болған және аукционға шығарылған қымбат Mercedes көлігі Астана полициясына берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мәліметінше, Перизат Қайраттың көлігіне қатысты жағдайда сатудан гөрі мемлекеттік органға беруге басымдық берілген.

Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша 2026 жылғы 7 сәуірдегі хаттамаға сәйкес Астана Полиция департаменті сауда-саттық жеңімпазы деп танылған.

Енді 15 жұмыс күні ішінде шешім ресми түрде рәсімделіп, мүлік ведомство теңгеріміне бекітілуі қажет, яғни полицияның пайдалануына берілуге тиіс. Осылайша Mercedes-Benz S 450 елорда департаментінің иелігіне өтті.

sauda.e-qazyna.kz сайтынан

Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайраттан тәркіленген Mercedes-Benz S-450 көлігі сатылымға шығарылғаны, көлік 79,4 миллион теңгеге бағаланғаны хабарланды. 

Перизат Қайрат туралы не белгілі?

Перизат Қайрат Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал болды. 

2024 жылы 14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады. 

2025 жылы 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!