25 шілдеде Астанада қоғам белсендісі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты ұрлық пен алаяқтық ісі бойынша сот процесі аяқталды. Судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттан тәркіленетін мүліктің тізімін жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тәркіленетін мүлік қатарында – Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй, Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, Көк Жайлау тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен автотұрақ орындары; сондай-ақ Mercedes-Benz S450 2024 жылғы, Lexus LX 600 2024 жылғы, Mercedes-Benz EQE 500 4 matic 2023 жылғы, Haval H6 GT 2024 жылғы автокөліктері бар.
Сонымен қатар, Перизат Қайраттан "Rebel Flowers" ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100 пайыздық үлесі, 97 миллион теңгеден астам қаражат пен 22 мың АҚШ доллары да тәркіленеді.
Айта кетейік, бүгін Перизат Қайрат 10 жылға, ал оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сот залында қамауға алынды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан