Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы қалай өтетіні белгілі болды

Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы қалай өтетіні белгілі болды
Фото: Tengrinews.kz/Санжар Мұстафин

Перизат Қайрат пен анасы сот тергеуін БАҚ-ты қатыстырмай өткізу туралы өтініш жасады. Сот шешімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов шешімді жария етті.

"Перизат Қайраттың алдын ала тыңдаудағы өтініші қаралды (...) Сот сот процесін жабық түрде өткізу туралы өтінішті ішінара қанағаттандыру туралы қаулы шығарды. Сот отырысы 2025 жылы 14 шілдеде сағат 10:00-ге белгіленді", - деді судья.

Еске салайық, 9 шілдеде таңертең Астана сотында Перизат Қайратқа қатысты алдын ала тыңдау өтті. Оған азаматтар мен ұйымдардан жиналған 3 миллиард теңгеден аса қаржыны жымқырды деген айып тағылған болатын. Айыпталушылар сот процесіне БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы болып, сот отырысын фото және видеоға түсіруге рұқсат бермеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget