Қайырымдылық қорын басқарған Перизат Қайратқа қатысты істен кейін жұрттың көкейінде қайырымдылық қорларға деген күмән қалыптасты. Massaget.kz тілшісі Қазақстанда осындай қанша қор барын анықтады.
Әділет министрлігінің Massaget.kz-ке берген ресми жауабына сүйенсек, 2024 жылғы желтоқсандағы мәлімет бойынша Қазақстанда атауында "қайырымдылық" (қорлар, мекемелер) сөзі бар 1353 заңды тұлға тіркелген:
Ең көп қор Астана, Алматы, Шымкент қалаларында тіркелгені белгілі болды.
Әділет министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қорды мемлекеттік тіркеу үшін мына құжаттар ұсынылады:
Кейінгі екі жылда ерікті түрде 455, мәжбүрлеу тәртібімен 250 қор таратылған.
Ресми мәліметке сүйенсек, Мәдениет және ақпарат министрлігі қайырымдылық, волонтерлік қызмет, ақпаратқа қол жеткізу, онлайн платформалар салаларындағы басшылықты, мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.
Перизат Қайрат - Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының төрайымы, Қазақстандағы белсенді еріктілер қозғалысының жетекшісі ретінде танымал. Ол су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету, Газа секторындағы гуманитарлық миссиялар және басқа да қайырымдылық шараларымен айналысып, қоғамда беделге ие болды.
14 қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат 1,5 миллиардты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
Ол 2023 жылғы қарашада Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинап, оның 200 миллионын қалтасына басқан деген күдікке ілінді. ҚМА дерегінше, 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қайрат Sensata Plaza элиталық кешенінен 49 миллион теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 миллион теңгеге Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic маркалы жаңа көлік сатып алған.
16 қарашада Астана қаласының тергеу соты Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынғанын хабарлады.
13 желтоқсанда Перизат Қайраттың элиталық пәтерлері, қымбат көліктері бұғатталды. Сондай-ақ Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т.б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киімдері, аяқкиімі, зергерлік бұйымдары, сөмкелері тәркіленді.
Massaget.kz Перизат Қайраттың гардеробына шолу жасады. Оның сөмкелерінің құнына ірі қалалардан пәтер алуға болады.
Кейінірек Мәжіліс депутаты, бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жуырда ұсталған Перизат Қайрат ісіне қатысты пікір білдіріп, қайырымдылық қорларына қатысты мәселені заңмен реттеу керек екенін жеткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!